Цифрлық өнер – көркемдік білім берудің теориясы мен тәжірибесін дамытудың жаңа бағыты



    • Цифрлық өнер – көркемдік білім берудің теориясы мен тәжірибесін дамытудың жаңа бағыты

      Бүгін университетімізде Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және өнер институтының «Кәсіптік білім» кафедрасының ұйымдастыруымен «Цифрлық өнер – көркемдік білім берудің теориясы мен тәжірибесін дамытудың жаңа бағыты» атты халықаралық ғылыми семинар өтті.

      Семинарға жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының профессорлық-оқытушылық құрамы, докторанттар мен магистранттар қатысты.

      Тәжірибемен алмасу және қазіргі заманғы көркемөнерде цифрлық технологияларды қолданудың мәселелері мен перспективаларын талқылау – семинардың басты мақсаты.

      Іс-шарада көркемдік білім берудегі цифрлық технологиялар, жасанды интеллект, театр, хореография, музыка және бейнелеу өнеріндегі цифрлық құралдарды қолдану, ғылым мен білім беру кеңістігіндегі цифрлық мүмкіндіктер, цифрлық көркемөнер педагогикасы және шығармашылық процесс қатысушыларының цифрлық мәдениеті қарастырылады.

      Бұл семинар қатысушыларға цифрлық мәдениет пен технологияларды шығармашылық және педагогикалық қызметтерде тиімді қолданудың маңыздылығын түсінуге көмектесті. Цифрлық өнер мен білім берудің бірігуі ғылым мен білім беру саласындағы жаңа мүмкіндіктерді ашып, шығармашылық әлеуетті арттыруға жол ашады.

      Осындай шаралар болашақта өнер мен білім беру саласының дамуына үлкен үлес қосатыны сөзсіз.

       

       

      Бөлісу: