Инфо-дайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары». №2



    • Инфо-дайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары». №2

      АЛМАТЫ. 1 ақпан. Баспасөз орталығы – 2021 жылғы 25 – 29 қаңтар аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары.

       

      25.01.2021

      – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің «Qyzdar Ýniversiteti» газеті биылғы жылдың қаңтар айынан бастап 12 бет болып жарық көреді.

      *****

      – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 3 ұстазы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағына ие болды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырған байқау қорытындысы бойынша Қазақ тіл білімінің теориясы мен әдістемесі кафедрасының профессоры Жарқынбике Сүлейменова, Қазақ тіл білімінің теориясы мен әдістемесі кафедрасының профессоры м. а. Ғазиза Шойбекова және Шетел тілін оқыту әдістемесі кафедрасының қауымдастырылған профессоры м.а. Роза Садықова үздік деп танылды.

      *****

      – «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағына ие болған Жарқынбике Сүлейменова кім? Ол Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде білікті маман даярлауда және оқу орнының ғылыми әлеуетін көтеруде қандай еңбек сіңірді?

       

      26.01.2021

      – «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағына ие болған филология ғылымдарының кандидаты Ғазиза Шойбекова Қыздар университетінің қабырғасында білікті кадрлар даярлауда және қазақ тіл білімінің дамуында қандай еңбек сіңірді?

       

      27.01.2021

      – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетіне мемлекеттік білім беру грантын иеленген барлық білім алушысына стипендия тағайындалады.  Бірінші семестрден кейін қысқы сессия қорытындысы бойынша әр пәннен 70 және одан жоғары балл жинаған (емтиханды «жақсы» және «өте жақсы» бағаға тапсырған) студенттерге мемлекеттік стипендия тағайындалады.

      *****

      – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде ақылы бөлімде оқитын білім алушылардың назарына. 2020-2021 оқу жылының екінші жартыжылдығына арналған оқу ақысын төлеу кестесі.

       

      28.01.2021

      – 24 ақпан күні Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде «Теориялық және практикалық психологияның өзекті мәселелері» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.

       

      29.01.2021

      – «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің мәжілісі өтіп, Кеңес төрағасы қызметіне мемлекет және қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы Омархан Өксікбаев сайланды.

      *****

      – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті Халықаралық білім күніне орай 2021 жылғы 10 ақпанда (сағат 14.00-де ҚР уақыты бойынша) «COVID-19 пандемиясы жағдайындағы білім беру жүйесінің болашағы» атты Халықаралық форум өткізеді.

      *****

      – «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағына ие болған Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті ұстаздарының бірі – филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы Роза Садықова. Білікті оқытушының білім беру мен ғылымның дамуына сіңірген еңбегі қандай?

      *****

      – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Өнер және менеджмент институты директорының ғылыми істер жөніндегі орынбасары Жасұлан Бостандықұлы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Алғыс» хатымен марапатталды.

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

      e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com

       

      Бөлісу: