Өнер fest шығармашылық фестивалі өтті



    • Өнер fest шығармашылық фестивалі өтті

      27-28 ақпан аралығында Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және өнер институтының ұйымдастыруымен университетішілік оқытушылар мен студенттерге арналған «Өнер Fest» шығармашылық фестивалі өтті.

      Іс-шараның басты мақсаты – қатысушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, сахнада еркін сезінуге баулу, өз ойын еркін жеткізуге шабыттандыру және өзіндік сенімділігін арттыру.

      Шығармашылық фестиваль аясында 3 шеберлік сыныбы жүргізілді: сахналық пластика, вокал және актерлік шеберлік.

      «Өнер Fest» шығармашылық фестивалі университет оқытушылары мен студенттері үшін үлкен тәжірибе алаңына айналды. Фестиваль барысында қатысушылар өздерінің шығармашылық қабілеттерін шыңдап, сахнада еркін әрекет ету, өз ойын әсерлі жеткізу және сенімділікті арттыру дағдыларын меңгерді.

      Өнер саласындағы білікті мамандар жүргізген шеберлік сыныптары қатысушылардың вокалдық, актерлік және пластикалық қабілеттерін дамытуға ықпал етті. Тренингтер мен тәжірибелік сабақтар студенттерге жаңа білім мен шабыт беріп, шығармашылық әлеуетін ашуға мүмкіндік жасады.

      Осындай іс-шаралар университет қабырғасында өнер мен мәдениеттің дамуына серпін беріп, студенттердің шығармашылық белсенділігін арттыруға зор ықпал етеді. «Өнер Fest» фестивалі қатысушыларға шабыт сыйлап, өнерге деген сүйіспеншіліктерін одан әрі нығайта түсті.

       

       

      Бөлісу: