«Sweet book» тарихи кітап байқау өтті
-
27 ақпан, 2025
Бүгін университетімізде Әлеуметтік гуманитарлық ғылымдар институты, Тарих кафедрасының «Жас тарихшы» үйірмесі ұйымдастырған университет ішілік «Sweet Book» тарихи кітап байқауы өткізілді.
Байқаудың мақсаты – студенттердің кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, тарихи әдебиеттерді насихаттау арқылы олардың рухани және интеллектуалдық дамуына ықпал ету. Сонымен қатар жас ұрпақтың тарихи санасын қалыптастырып, патриоттық сезімін ояту және шығармашылық қабілеттерін дамыту көзделді.
Бұл білім сайысына университетіміздің төрт институтынан 1 және 2 курс студенттері қатысып, барлығы 5 команда бақ сынады: Жаратылыстану институты – «Волоколамск» командасы; Физика-математика институты – «Сақ рухы» командасы; Педагогика және психология институты – «Golden Pages» командасы; Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар институты – «Шамшырақ» және «Темірқазық» командалары.
Байқау таңдалған кітап желісі бойынша үш кезеңнен тұрды: Креативті тағам; Жағымды жарнама; Қызықты қойылым.
Жарыс нәтижесі бойынша «Волоколамск» және «Алтын беттер» командалары – ІІІ орын, «Сақ рухы» және «Темірқазық» командалары – ІІ орын, «Шамшырақ» командасы І орынды иеленді.
Іс-шара соңында жүлде иегерлеріне университет тарапынан кітаптар мен бағалы сыйлықтар табысталды.
Бұл шара жас тарихшылардың білім көкжиегін кеңейтіп, олардың шығармашылық әлеуетін арттыруға үлкен үлес қосты. Ұйымдастырушылар алдағы уақытта да осындай іс-шараларды өткізу дәстүрге айналатынын атап өтті.
Бөлісу: