Маусымашар – 2025
-
25 ақпан, 2025
2025 жылдың 14-22 ақпан аралығында Астана қаласында «Жастар Рухы» ЖҚ қолдауымен Jaidarman ойындарының «Маусымашар - 2025» кезеңі өтті.
Ойынға 250 команда тіркеліп, 1500-ден астам қатысушы бақ сынады. Оның ішінде шетелдік командалар да өз өнерлерін көрсетіп, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстаннан келген ойыншылар да қатысты.
18 ақпан күні Астана қаласында «Чемпиондар лигасы» ойыны ұйымдастырылды. Алматы қаласынан Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің «Көршінің Қызы» командасы қатысып, тамаша нәтиже көрсетті. Осы жеңістің нәтижесінде команда QAZAQSTANCUP лигасына және Super liga телевизиялық лигаларына тікелей жолдама алды.
«Көршінің Қызы» командасын шын жүректен құттықтай отырып, тек қана жеңісті күндер тілейміз!
Бөлісу: