QyzPU командасы «Азамат» теледебатында бақ сынамақ



    • QyzPU командасы «Азамат» теледебатында бақ сынамақ

      Қазақ телевизиясының үздік жобаларының бірі – «Азамат» теледебаты көрерменге қайта жол тартып, университетіміздің Жастар саясаты орталығының 20 жылдық тарихы бар, атақты «Парасатты Нағыз Лидерлер Одағы» дебат клубының пікірсайысшылары қатысатын болды.

      Астана қаласында өтетін «Хабар» арнасының «Азамат» бағдарламасы 28 ақпан мен 10 наурыз аралығында өтеді.

      Осы күнге дейін жинаған білімі мен тәжірибесін ортаға салатын, еліміздің барлық жоғары оқу орындары арасынан іріктелген Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті командасының үздік пікірсайысшылары – Физика, математика және цифрлық технологиялар институтының 3 курс студенті Келгенбай Жанерке мен Филология институтының 1 курс студенті Пернебай Мерей.

      Университетіміздің Басқарма Төрағасы – Ректоры Қанай Гүлмира Әмірханқызы оларды ерекше қолдап, зор мотивация беріп, жеңіс пен сәттілік тіледі.

      Жастар арасында зияткерлік, азаматтық ұстаным мен сөз өнерін дәріптейтін бұл тамаша жобаны жандандырып, баршамызға үлкен мүмкіндік жасаған ҚР Парламенті Мәжілісіне, Мәдениет және ақпарат министрлігіне, Ғылым және жоғары білім министрлігіне, сондай-ақ «Хабар» арнасының АҚ Басқарма төрағасы Кемельбек Ойшыбаев мырзаға және барлық ұйымдастырушыларға алғысымызды білдіреміз.

      Бөлісу: