QYZPU ДОНГУК ҚЫЗДАР УНИВЕРСИТЕТІМЕН МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ



    • QYZPU ДОНГУК ҚЫЗДАР УНИВЕРСИТЕТІМЕН МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

      Бүгін Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті мен Донгук қыздар университеті арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

      Кездесу барысында тараптар екі жақты ынтымақтастықты дамыту жолдарын талқылап, Донгук қыздар университетінің Корей тілі институтында академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында студенттердің білім алу мүмкіндіктерін қарастырды.

      Бұл меморандум екі университет арасындағы серіктестікті нығайтып, білім алмасу мүмкіндіктерін кеңейтеді. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы студенттерге тілдік және мәдени тәжірибе жинақтауға жол ашып, олардың кәсіби және академиялық дамуына оң ықпал ететін маңызды қадам болмақ.

      Бөлісу: