Ағылшын тілін инклюзивті оқыту: халықаралық курс және жаңа әдістер



    • Ағылшын тілін инклюзивті оқыту: халықаралық курс және жаңа әдістер

      Бүгін ағылшын тілі мұғалімдері мен оқытушыларына арналған Embedding an Inclusive «Joy of Not Knowing» in English Language Learning атты халықаралық курс өтті.

      Іс-шара Британдық Кеңестің қолдауымен, Сассекс университетінің шетелдік тыңдаушылары, дәріскерлері мен спикерлерінің қатысуымен ұйымдастырылды.

      Курс білім берудің негізгі аспектісі – ағылшын тілін оқытуда инклюзивті тәсілді дамытуға бағытталған.

      Іс-шараға қатысушылар Қазақстан мен Өзбекстанның халықаралық мектептері мен педагогикалық жоғары оқу орындарынан келіп, білім беру саласында тәжірибе және озық тәжірибелермен алмасу үшін бірегей платформаға айналды.

      Бүгінгі курс практикалық бағытқа ие және әртүрлі педагогикалық тәсілдерді модельдеуге және рефлексия мен кәсіптік оқытуды ынталандыруға арналған. Тренингтің сырттай компоненті гендерлік мәселені есепке алу, әлеуметтік интеграция, мәдениетаралық өзара іс-қимыл, ерекше білім беру қажеттіліктері мен мүгедектік бойынша сабақтарды қоса алғанда, инклюзивті практиканың әртүрлі аспектілерін қарастыратын онлайн-семинарлар сериясы болады.

      Курс бағдарламасы инклюзивті оқыту саласындағы білімдер мен дағдыларды тереңдетуге көмектесетін дәрістер, мастер-класстар және пікірталастардан тұрады. Қатысушылар мұнда теориялық білім алып қана қоймай, оларды іс жүзінде қолдана алады.

       

      Бөлісу: