Тіл – ұлттың жаны



    • Тіл – ұлттың жаны

      Жастар саясаты орталығы мен 2-студенттер үйінің ұйымдастыруымен Халықаралық ана тілі күніне орай қыздар арасында "Тіл – ұлттың жаны" атты сайыс өтті.  

      Сайыстың басты мақсаты – ана тілдің мәртебесін көтеру, оның маңыздылығын ұғындыру және жас ұрпақтың тілге деген сүйіспеншілігін арттыру.  

      Іс-шара барысында студенттер көркем жыр шумақтарын оқып, көнерген сөздердің мағыналарын ашты. Сондай-ақ, өзге тілден енген кірме сөздерге өз қиялдарынан жаңаша атау беріп, тіліміздің байлығын көрсетті.  

      Қатысушылар қазақ тілін дамыту мақсатында заманауи жобалар ұсынып, ана тіліміздің құдіретін дәріптеді. Олардың шығармашылық ізденістері мен терең ойлары тілдің шексіз байлығы мен көркемдігін айшықтады.  

      Жыр шумақтары, тағылымды сөздер мен жүрекке жеткен әсем әуендер – барлығы да қазақ тілінің ғажайып әлеміне жетеледі.  

      Тіл – тек қарым-қатынас құралы ғана емес, ол – ұлттың жаны, тарихы мен рухының айнасы. Оны қастерлеу, қорғау – әрқайсымыздың басты міндетіміз!

      Ұлтымыздың рухани тірегі болған қазақ тілі әрдайым биік тұғырдан көріне берсін!

      Бөлісу: