№176 мектеп-гимназиясында QyzPU Жаратылыстану институтының педагогикалық сыныбы ашылды
-
25 ақпан, 2025
Алматы қаласы Білім басқармасына қарасты «№176 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Жаратылыстану институтының педагогикалық сыныбы ашылды.
Педагогикалық сынып – білім беру ұйымдарының негізгі білім беру бағдарламаларын әзірлеу және жүзеге асыруда, білім беру мазмұнының сапасы мен дамуын қамтамасыз етуде үйлестіруші рөл атқаратын консультативтік-кеңесші жұмыс тобы.
Педагогикалық сыныптың басты мақсаты – білім беру және тәрбие процесін жетілдіру, сондай-ақ білім беру ұйымдарында озық педагогикалық тәжірибені енгізу арқылы оқушыларға практикалық көмек көрсету.
Бұл сыныптың негізгі міндеті – білім алушылардың кәсіби-педагогикалық мотивациясын қалыптастыру, олардың тұлғалық және әмбебап құзыреттіліктерін дамыту.
Педагогикалық сыныптың ашылуы – болашақ мұғалімдерді даярлауда маңызды қадам. Бұл бастама білім алушылардың педагогикалық бағыттағы кәсіби қызығушылығын арттырып, олардың тұлғалық және кәсіби дамуына ықпал етеді. Сонымен қатар озық педагогикалық тәжірибені енгізу арқылы білім беру сапасын арттырып, білікті мұғалімдер даярлауға мүмкіндік береді.
Бөлісу: