QYZPU жас ғалымы ғылыми жобасына қаржыландыру алды
-
25 ақпан, 2025
Физика, математика және цифрлық технологиялар институтының «8D01501 – Физика» білім беру бағдарламасының түлегі Байымбетова Жәудір Сәбитқызы 2025-2027 жылдарға арналған Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Жас ғалым» жобасы бойынша қаржыландыру конкурсы аясында өзінің ғылыми жобасына грант жеңіп алды!
Жоба атауы: AP25796319 «Ақпараттық технологиялар негізінде орта мектептегі физиканың оқу үдерісін басқару жүйесін зерттеу».
Алынған қаржыландыру постдокторант пен оның ғылыми кеңесшісіне тереңдетілген зерттеулер жүргізуге, жаңа әдістемелер әзірлеуге және сол арқылы педагогика ғылымының дамуына өз үлестерін қосуға мүмкіндік береді. Бұл жетістік – жас ғалымның және университетіміздің ғылыми әлеуетін арттыру жолындағы маңызды қадам.
Жас ғалымымызды құттықтай отырып, оған ғылым жолында жаңа табыстар мен жетістіктер тілейміз!
Бөлісу: