Халықаралық ана тілі күніне арналған шығармашылық кеш өтті



    • Халықаралық ана тілі күніне арналған шығармашылық кеш өтті

      Бүгін QyzPU-да  «Тұрақты даму» және «Ақ қауырсын» студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарының ұйымдастыруымен Халықаралық Ана тілі күніне арналған шығармашылық кеш өтті.

      Кештің басты мақсаты – университет қабырғасында білім алып жатқан түрлі ұлт өкілдерін біріктіріп, олардың туған тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру.

      Іс-шара барысында әрбір студент өз ана тілінің әсемдігін, мағыналық тереңдігін және көркем бейнесін шығармашылық арқылы жеткізуге мүмкіндік алды. Қатысушылар өз тілдерінің көркемдік ерекшеліктерін өнердің әртүрлі қырлары арқылы бейнеледі. Сурет, каллиграфия, графика және басқа да шығармашылық бағыттарда дайындалған ерекше туындылар ана тілінің шексіз мүмкіндіктерін айшықтап, мәдениеттер арасындағы байланысты нығайтуға үлес қосты.

      Халықаралық Ана тілі күні – әр ұлттың рухани қазынасын насихаттайтын, оның байлығы мен тереңдігін дәріптейтін маңызды мереке. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде бұл күн ерекше форматта атап өтіліп, студенттерге ұмытылмас әсер сыйлады.

      Кеш соңында қатысушылар арнайы Алғыс хаттармен марапатталды.

       

      Бөлісу: