Алматыда мектептер мен жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған форсайт-сессия өтті



    • Алматыда мектептер мен жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған форсайт-сессия өтті

      Бүгін «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ базасында «Болашақ директорлар қауымдастығы» тақырыбында форсайт-сессия өтті.

      Форсайт-сессияның басты мақсаты: Жоғары оқу орындары, колледж және мектептер арасындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылау.  

      Іс-шараға Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, педагогикалық колледждер, мемлекеттік мектеп директорлары қатысты.

      Шара барысында білім берудегі инновациялық тәсілдер, білім беру ортасын дамыту және Алматыдағы мектеп білімін жаңғырту стратегиялары талқыланды. Сонымен қатар практикадан өту, дуалды оқыту жүйесі және болашақ мұғалімдерді даярлау сапасын арттыру мәселелері қарастырылды.  

      Кездесуде мектептер мен жоғары оқу орындарының өзара ынтымақтастығын нығайту мақсатында қандай бірлескен шараларды енгізу қажеттігі сөз болды. Қазіргі заман талаптарына сай келетін мектеп моделін қалыптастыруға бағытталған негізгі мәселелер де талқыланды. Білім беру ұйымдары, жұмыс берушілер, педагогикалық кадрларды даярлау жүйесі және еңбек нарығы арасындағы өзара іс-қимылды дамытуға арналған ашық диалог ұйымдастырылды.

      Іс-шара білім беру саласындағы өзекті мәселелерді жан-жақты талқылап, мектептер мен жоғары оқу орындары арасындағы серіктестікті нығайтуға бағытталған маңызды алаңға айналды. Бұл форсайт-сессия білім беру сапасын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған тиімді шешімдер ұсынуға мүмкіндік берді.

       

      Бөлісу: