Ғасырмен үндескен Мұқағали



    • Ғасырмен үндескен Мұқағали

      Алматы облыстық әмбебап кітапханасында өткен «Ғасырмен үндескен Мұқағали» атты іс-шараға Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің «Ақ қауырсын» ұйымының мүшелері белсене қатысып, алғыс хатпен марапатталды.

      Университет студенттері кеш барысында ән шырқап, Мұқағали поэзиясын оқып, көрерменге ерекше әсер сыйлады. Шараға айтыскер ақын Даубай Мамытұлы, ҚР Жазушылар Одағының мүшесі, ғалым Әлібек Байбол, «Белсенді өмір сүру» орталығының өкілдері, №100 жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Қазақ ұлттық университетінің колледжінің тәрбие ісі жөніндегі маманы, сондай-ақ Мұқағали Мақатаев атындағы №140 орта мектептің ұстазы Бесирова Айкүміс Сайлауханқызы сынды құрметті қонақтар шақырылды.

      Қыздарымыздың болашағына сәттілік пен шығармашылық табыс тілейміз!

      Бөлісу: