Заманауи би курсы



    • Заманауи би курсы

      Университетімізде Қыздар көшбасшылығы мен кәсіпкерлік орталығының ұйымдастыруымен студенттер мен қызметкерлерге арналған «Заманауи би» курсы жоғары деңгейде өтуде.

      Курстың негізгі мақсаты – қатысушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, қыздардың өзін-өзі көрсетуіне, сахналық өнерін жетілдіруіне және сенімділігін нығайтуға ықпал ету. Сонымен қатар командалық жұмыс дағдыларын қалыптастыру, би арқылы өзара қарым-қатынасты жақсарту, ұжымдық үйлесімділікті дамыту, қатысушыларға салауатты өмір салтын насихаттау, физикалық белсенділікті арттыру және спорттық шыдамдылықты күшейту.

      Заманауи би бағыттары бойынша кәсіби хореографтардың жетекшілігімен практикалық сабақтар өткізілуде. Студенттерге арналған «Заманауи би» курсын Хореография және арт-менеджмент кафедрасының оқытушысы, хореография педагогикасы магистрі Берік Алпысбайұлы Күкетов жүргізсе, қызметкерлерге арналған «Заманауи би» курсын Хореография және арт-менеджмент кафедрасының аға оқытушысы, өнертану магистрі, халықтық сахналық және спорттық-балдық би маманы Мадина Рахымжанқызы Асанова жүргізеді.

      Курс барысында қатысушылар өздерінің дене мүмкіндіктерін жақсартып қана қоймай, эстетикалық талғамдарын дамытады, би өнері арқылы эмоциялық еркіндікке, өзін-өзі дамытуға және жаңа жетістіктерге ұмтылуға мүмкіндік алады, би қимылдарының үйлесімділігі мен сахналық мәдениетті меңгеру арқылы сахнада өзін еркін ұстау дағдыларын қалыптастырады.

      Бұл курс – қатысушылар үшін тек би үйрену алаңы ғана емес, сонымен қатар шығармашылық ортада өзін-өзі табуға, жаңа достармен танысуға және ұжымдық рухты нығайтуға арналған ерекше мүмкіндік.

      Айта кетейік, «Заманауи би» курсы білім алушылар үшін 20 қаңтардан 20 ақпанға дейін, ал университет қызметкерлері үшін 27 қаңтардан 27 ақпанға дейін өтеді.

       

       

       

      Бөлісу: