Кезекті PhD Talks ғылыми кездесуі өтті
-
14 ақпан, 2025
Бүгін университетімізде докторанттар мен жас зерттеушілерге арналған кезекті PhD Talks ғылыми кездесуі өтті.
Кездесу барысында докторанттар мен жас зерттеушілер өздерінің зерттеу тәжірибелерімен бөлісіп, ғылыми жұмыстарының нәтижелерін таныстырды. Кездесу білім мен тәжірибе алмасудың тиімді алаңына айналып, жас зерттеушілерге жаңа идеялар мен кәсіби байланыстар орнатуға мүмкіндік берді.
Шарада ғылыми жұмыстарды жазу, зерттеу әдістемелері және ғылыми мақалаларды жариялау мәселелері жан-жақты талқыланды. Сонымен қатар кездесу аясында «Ғылыми жұмыс жазу барысындағы қателіктер және оны жою жолдары», «Болашақ IT мамандарды практикаға бағыттап даярлаудың ғылыми-әдістемелік негіздері», «Scopus журналдарына ғылыми мақала жазудың өзіндік тәжірибелері», «Сандық және сапалық зерттеу дизайнын қалай жасаймыз?" тақырыптарында баяндамалар ұсынылды.
Баяндамашылар өздерінің ғылыми бағыттары бойынша тәжірибелерімен бөлісіп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Мұндай кездесулер жас ғалымдарға ғылыми жұмыстарды сапалы жүргізуге және өз зерттеулерін халықаралық деңгейде жариялауға көмектеседі.
Бөлісу: