Діни экстремизм және терроризмнің алдын алу



    • Діни экстремизм және терроризмнің алдын алу

      14 ақпанда Тұлға қалыптастыру департаментінің ұйымдастыруымен университет студенттерімен «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында кездесу өтті. Шараға Менталды денсаулықты дамыту орталығының басшысы Сағындықов Ақылбек Абдулқадырұлы және орталықтың теологы Исмаил Нурислам Оразалыұлы қатысты.

      Кездесудің мақсаты – университет студенттері арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, деструктивті діни ағымдардың идеологиясына қарсы иммунитет қалыптастыру, сондай-ақ дәстүрлі құндылықтарды насихаттау мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

      Кездесу барысында спикерлер ислам дінінің тарихы, қазақ халқының ұлттық құндылықтары, дәстүрлі емес ағымдардың миссионерлік қызметі мен зияны туралы айтылды.

      Сонымен қатар студенттерге Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңының 7-бабына сәйкес білім беру ұйымдарының аумағында және ғимараттарында діни рәсімдер мен (немесе) жиналыстар өткізуге, сондай-ақ миссионерлік қызметке тыйым салынғаны туралы ақпарат берілді.

      Кездесу соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.

       

      Бөлісу: