ЖРВИ-ден сақтану және ерте жүктіліктің алдын алу
-
13 ақпан, 2025
Бүгін А clinic емханасының дәрігері Тулегенова Айман Максетовна колледж студенттерімен кездесу өткізіп, «Жедел респираторлы вирустық инфекция» (ЖРВИ) және «Ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыптарында маңызды мәселелерді талқылады.
Кездесу барысында дәрігер ЖРВИ-дің алдын алу жолдары, оның белгілері мен емдеу тәсілдері жайында жан-жақты ақпарат берді. Студенттерге аурудың таралу жолдары, иммунитетті нығайту әдістері мен маусымдық сақтық шаралары жөнінде пайдалы кеңестер айтылды. Сондай-ақ Айман Максетовна ерте жүктіліктің жасөспірімдер үшін қандай физикалық және психологиялық салдары бар екенін түсіндіріп, оның алдын алу шараларына ерекше тоқталды.
Студенттер дәрігерге өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толық әрі нақты жауап алды.
Мұндай кездесулер жастардың денсаулығын сақтауға және саналы таңдау жасауына ықпал етеді.
Бөлісу: