«Жаңа адамдар сейшні»: QyzPU студенттері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесті
-
12 ақпан, 2025
8 ақпан күні Астанада «EXPO» Конгресс орталығында Жаңа Әділетті Қазақстан жақтастарының кездесуі — «Жаңа адамдар сейшні» өтті. Елдің ең ірі 19 қаласынан келген 4 мың адам Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесіп, жаңа таныстық орнатты. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттері сейшінде белсенділік танытып, түрлі жобалардың куәгері болды.
«Жаңа адамдар сейшнінде» белсенділер Қасым-Жомарт Тоқаевқа 2 жыл ішінде жеткен жетістіктері туралы айтты. Бүгінде Қазақстанның ірі қалаларында 19 кампус, 15 мың белсенді мен жақтастар, нақты әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған 54 азаматтық науқан, 97 бірегей кейс пен жаппай көше акциялары бар.
Сейшн бағдарламасы тек пікірталастар мен кездесулерден ғана емес, сонымен қатар жоба таныстырылымдары, гранттық байқаулар, білім беру модульдері мен интерактивті тапсырмалардан тұрды. Шараның қорытындысы ретінде қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерт өтті.
«Жаңа адамдар сейшнінде» Қозғалыстың 2025 жылға арналған ауқымды жоспарлары жарияланды.
Бөлісу: