QyzPU-да Ғылыми кеңес отырысы өтті
-
10 ақпан, 2025
Бүгін кезектен тыс Ғылыми кеңес отырысы өтті. Жиын барысында QyzPU Басқарма төрағасы – Ректоры Гүлмира Қанай қызметін абыроймен атқарып өткен Ғылыми кеңес мүшелеріне еңбектері үшін алғыс білдіріп, оларға құрмет ретінде алғыс хаттар мен гүл шоқтарын табыстады.
Айта кетейік, Ғылыми кеңес мүшелері үш жылға сайланатындықтан, ары қарай жаңа Ғылыми кеңес мүшелері сайланып, бекітілді.
Ғылыми кеңес барысында білім беру сапасын арттыру, академиялық үдерістерді жетілдіру және ғылыми әлеуетті дамыту мәселелері жан-жақты талқыланып, маңызды шешімдер қабылданды.
Бөлісу: