Кедейлікті жою
-
03 ақпан, 2025
Жастар саясаты орталығына қарасты «Тұрақты даму» ұйымының ұйымдастыруымен Тұрақты даму мақсатының бірінші бағыты – «Кедейлікті жою» тақырыбында Студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарының лидерлері арасында семинар өтті.
Мақсаты — студенттерге кедейлікті жою мәселесі туралы терең түсінік беру, сондай-ақ әлем елдерінің осы бағыттағы саясаттары мен іс-шараларын талқылау. Семинар барысында түрлі елдердің тәжірибелері мен жетістіктерін сараптай отырып, студенттер арасында бұл мәселенің өзектілігін көрсету көзделді.
Іс-шара аясында қатысушылар 14 түрлі елдің кедейлікпен күреске бағытталған саясаттары мен бағдарламаларымен танысты. Әр мемлекеттің әлеуметтік, экономикалық және мәдени ерекшеліктері ескеріле отырып, іске асырылып жатқан бағдарламалар жан-жақты талқыланды.
Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар кедейлікті жоюға бағытталған нақты ұсыныстар әзірлеп, жаңа жобалар мен бастамаларды іске асыру туралы өз идеяларымен бөлісті. Бұл ұсыныстар студенттік қауымдастықтарда кедейлікпен күреске қатысты жаңа көзқарас қалыптастыруға және тиімді шешімдер табуға ықпал етеді.
Бөлісу: