Ғылыми-академиялық семинар өтті
-
27 қаңтар, 2025
Бүгін, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор, PhD Жанар Темірбекова «Ғылыми көшбасшылық және командалық басқару тәсілдері мен дағдылары» тақырыбындағы ғылыми-академиялық семинар өткізді.
Іс-шараға Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің профессорлық-оқытушылық құрамы мен студенттері белсене қатысып, жоғары деңгейде ұйымдастырылған семинардан мол тәжірибе алды.
Ғылыми-академиялық семинардың басты мақсаты – қатысушыларды заманауи басқару әдістерімен таныстыру, ғылыми ортада көшбасшылық қасиеттерін дамыту және тиімді командалық жұмыстың негіздерін үйрету болды.
Жиында басқарушылық қабілеттерді жетілдіру, стратегиялық шешімдер қабылдау және ғылыми ұжыммен нәтижелі жұмыс істеу жайында практикалық кеңестер ұсынылды.
Кездесу барысында Qazaq Club-тың атқарушы директоры Нұржан Сұршаұлы дайындаған «Қазақ күнтізбесінің» тұсауы кесіліп, қатысушыларға тарту етілді. Бұл ерекше шығарма қазақ халқының ұлттық құндылықтарын дәріптеуге және оны кеңінен танытуға бағытталған.
Сонымен қатар іс-шара соңында Жанар Темірбекова Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына орай естелік төсбелгісімен марапатталып, ғылым мен білім саласындағы маңызды жетістіктері үшін жоғары бағаланды.
Бөлісу: