QyzPU студенттері Францияға грант ұтып алды
-
30 қаңтар, 2025
«Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасының 2 курс студенттері Тулькибаева Айдана Русланқызы мен Чапай Лаула Еркінбайқызы «Erasmus+» бағдарламасы бойынша Францияға 6 айға грант жеңіп алды.
«Erasmus+» бағдарламасы – студенттерді Еуропа елдеріне академиялық тәжірибе алмасу үшін жіберетін беделді халықаралық бағдарлама. Бағдарлама барлық шығындарды, соның ішінде ұшу билеттерін қамтиды және студенттерге ай сайынғы шәкіртақы тағайындайды. Биыл Францияға барлығы 4 грант бөлінген, оның екеуі QyzPU студенттеріне бұйырды.
Келесі семестрде грант иегерлері Францияның Перпиньян қаласында оқиды. Бұл қала елдің оңтүстігінде орналасқан, көркем табиғатымен және жайлы климатымен танымал. Қабылдаушы университет – Виа Домитьа өкілдері студенттермен үнемі байланыста болып, кез келген қиындықтарға қолдау көрсетіп, бағыт-бағдар береді.
Бағдарламаның басты ерекшеліктерінің бірі – «крестные родители» жүйесі. Мұнда жергілікті ерікті студенттер жаңа ортаға бейімделуге, тұрғылықты жерді табуға және басқа да тұрмыстық мәселелерді шешуге көмектеседі.
Бұл грант – студенттер жарқын болашаққа жол ашатын тамаша мүмкіндік.
Бөлісу: