Сайлауға бару, дауыс беру маңызды ма?
-
30 қаңтар, 2025
Дүниежүзілік сайлау күніне орай Жастар саясаты орталығы мен «Парасатты Нағыз Лидерлер Одағы» дебат клубының ұйымдастыруымен «Сайлауға бару, дауыс беру маңызды ма?» атты қызу пікірсайыс өтті. Шараға Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы Аяулы Құттыбекқызы Қамалбекова мен Жастар саясаты орталығының басшысы Мейрамгүл Бахытжанқызы қатысты.
Шара сайлаудың маңыздылығын түсіндіру мен жастардың саяси белсенділігін арттыруға бағытталды. Дебат барысында студенттер өздерінің жоғары деңгейдегі сауаттылығы мен белсенділігін көрсетті.
Қамалбекова Аяулы Құттыбекқызы жастардың азаматтық ұстанымдарына ризашылығын білдіріп, патриот пікірсайысшылардың дәйекті фактілерге негізделген аргументтеріне көз жеткізгенін айтып, Алматы қаласы Алмалы ауданы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Әлбисенов Ерлан Ибрагимұлының атынан қатысушыларға алғыс хаттар табыстады.
Бөлісу: