Заманауи кітапхана: трансформация, инновациялар және бейімделулер
-
27 қаңтар, 2025
Бүгін Сералы Қаниев атындағы ғылыми кітапханада Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен жоғары оқу орындары мен қоғамдық кітапханалардың басшыларына арналған «Заманауи кітапхана: трансформация, инновациялар және бейімделулер» атты 72 сағаттық біліктілікті арттыру курсы басталды.
Әлемдік деңгейде өзекті болып саналатын жасанды интеллект, халықаралық дерекқорларды тиімді пайдалану, ғылым метрикалары және ғылымдағы аналитикалық жүйелер сияқты маңызды тақырыптарды қамтитын бұл курс 2025 жылдың 27-31 қаңтары аралығында офлайн форматта, ал 3-7 ақпанда қашықтан оқыту режимінде өткізіледі.
Курсқа Қазақстанның 10 жоғары оқу орнынан, соның ішінде Қазақстан-Британ техникалық университеті, AlmaU, Narhoz университеті, Dulaty University, Алматы технологиялық университеті, Ғұмарбек Даукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті, А.Қ.Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты, Satbayev University,Қазақстан-Неміс университеті, Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті, Кенжеғали Сағадиев атындағы Халықаралық Бизнес Университеті және Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы сияқты білім ордаларынан барлығы 41 қатысушы тіркелді.
Курс инструкторлары: Асылбекова Камиля – Maqsut Narikbayev University ғылыми кітапханасының директоры, магистр (University of Malaya, Малайзия); Жолдыбалинов Нұржан – Ұлттық академиялық кітапхана директорының ақпараттық ресурстар жөніндегі орынбасары; Лапо Петр – Азия және Мұхит елдері бойынша IFLA өңірлік бөлімшесінің комитет мүшесі, Сералы Қаниев атындағы ғылыми кітапхана директорының орынбасары; Рытов Александр – EBSCO Publishing Inc. (АҚШ) компаниясының Орталық Азия бойынша аймақтық өкілі; Өтегенова Әсем – Сералы Қаниев атындағы ғылыми кітапхана директоры, магистр (ҚБТУ, Қазақстан).
Аталмыш курс кітапхана ісіндегі заманауи трендтер мен инновацияларды меңгеруге мүмкіндік беріп, сала мамандарының кәсіби өсуіне және кітапханалардың жаңа талаптарға сай бейімделуіне жол ашады.
Бөлісу: