Университеттегі сапаны қамтамасыз ету және басқару үдерістерін жетілдіру мәселелері талқыланды
-
16 қаңтар, 2025
Академиялық сапаны қамтамасыз ету бөлімі проректорлардың, құрылымдық бөлім басшыларының және білім беру бағдарламаларының көшбасшыларының қатысуымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында аккредиттеу агенттігі АРТА сыртқы сараптама комиссиясының ұсыныстарын орындауға байланысты өзекті мәселелер және Академиялық сапаны қамтамасыз ету мониторингі бойынша нұсқаулыққа сәйкес университет сайтының мониторинг нәтижелері талқыланды.
Әсіресе, келесі бағыттарға ерекше назар аударылды: түлектер қауымдастығын дамыту, тәуекелдерді басқару мәселелерін жетілдіру, сайттағы ақпараттың жаңартылуын жақсарту және нормативтік құжаттардың бірыңғай үлгісін енгізу.
Сонымен қатар жұмыс үдерістерінің ашықтығы мен тиімділігін арттыру мақсатында алқалық шешімдерді құжаттандырудың маңыздылығы ерекше атап өтілді.
Бөлісу: