Ош мемлекеттік университетінің өкілдері QyzPU-ға ресми іссапармен келді



    • Ош мемлекеттік университетінің өкілдері QyzPU-ға ресми іссапармен келді

      Бүгін университетімізге Ош мемлекеттік университетінің Филология және мәдениетаралық коммуникация институтының оқытушылары ресми іссапармен келді. Атап айтқанда, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Алиева Фарида  Эсеновна,  оқытушы Толубаева Гулнара Мамыровна және филология ғылымдарының кандидаты Мураталиева Уркия Тойчуевна.

      Ресми іссапар аясында Ош мемлекеттік университетінің өкілдері  оқу орнының тыныс-тіршілігімен танысты.

      «Бүгін біз Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетіне арнайы келдік. Бұл сапарымыздың мақсаты – Ош мемлекеттік университеті мен Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті арасындағы меморандум аясында тәжірибе алмасу және оқу материалдарымен бөлісу. Сонымен қатар университеттің кітапханасымен таныстық. Алған тәжірибеміз өте мол әрі пайдалы болды»,-деді Ош мемлекеттік университетінің факультетаралық қырғыз тілі кафедрасының доценті Фарида Алиева.

      Бұл ресми іссапар екі университет арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, тәжірибе алмасу және білім саласындағы өзара әрекеттестікке жаңа мүмкіндіктер ашты. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің білім беру үдерісін, кітапхана ресурстарын және жалпы оқу орнын зерттеу Ош мемлекеттік университетінің өкілдеріне үлкен әсер қалдырды. Мұндай сапарлар алдағы уақытта екі университеттің бірлескен жұмыстарын дамытуға, оқу орындарының тәжірибелерімен бөлісуге және білім саласындағы серіктестікті тереңдетуге мүмкіндік береді.

      Бөлісу: