Жастар арасында нашақорлық пен алкоголизмнің алдын алу
-
26 желтоқсан, 2024
2024 жылдың 6-24 желтоқсаны аралығында орта білім беру және жоғары оқу орындарының педагог-психологтары үшін «Жастар арасында нашақорлық пен алкоголизмнің алдын алу» тақырыбында «Менің таңдауым» атты жалпықалалық ғылыми-тәжірибелік семинар өтті.
Семинар психоактивті заттарды қолданудың, нашақорлықтың, алкоголизмнің және темекі шегудің алдын алу, студенттерді әлеуметтік-психологиялық оңалту, жастардың мінез-құлық дағдыларын өзгертуді насихаттау, сондай-ақ таңдауға көмектесу жобасы аясындағы шарттарды түсіндіруге бағытталды. Семинар барысында салауатты мінез-құлық стилінің маңыздылығы және оның жастар үшін пайдалы екені туралы түсінік берілді. «Менің таңдауым» алдын алу бағдарламасы тренинг форматында өткізілді.
Семинарды QyzPU мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және Алматы қаласы Білім басқармасының «Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны бірлесіп ұйымдастырды. Шара Healt Mental Health Partners және KCS Foundation қолдауымен өткізілді.
Бөлісу: