Докторлық  диссертация сәтті қорғалды



    • Докторлық  диссертация сәтті қорғалды

      «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» КеАҚ жанындағы «Жаратылыстану» пәндері бойынша педагогтарды даярлау бағытындағы «Биология» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін беру жөніндегі Диссертациялық кеңесте Жошибекова Багила Съезбаевна «Генетика курсын оқыту барысында білім алушылардың зерттеу дағдыларын қалыптастыру» тақырыбында жазылған докторлық диссертациясын сәтті қорғады.

      Диссертант жұмысын қорғауда қажырлы еңбек еткен «Биология» білім беру бағдарламасы философия докторы (PhD) дәрежесін беруге арналған Диссертациялық кеңес мүшелерінің, атап айтқанда,  Кеңес төрайымы: «Биология» кафедрасының қауымдастырылған профессордың міндетін атқарушы, PhD Калиева Анар Нургайыповна, «Биология» кафедрасының қауымдастырылған профессордың міндетін атқарушы, биология ғылымдарының кандидаты Ануарова Ляйля Ермекхановна, А.И. Герцен атындағы Ресей педагогикалық университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Станкевич Петр Владимирович, «Биология» кафедрасының қауымдастырылған профессордың міндетін атқарушы, PhD Батаева Дариға Серікқызының еңбектері зор.  

      Сонымен қатар диссертациялық Кеңестің уақытша мүшелері: Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, «Педагогика» кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Длимбетова Гайни Карекеевна, Генетика және физиология институты генетикалық мониторинг зертханасының аға ғылыми қызметкері, PhD Нуралиев Серикбай Кенжебаевич, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, «Биология» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD Салыбекова Нурдана Нуртаевнаға, ресми рецензенттер: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, «Молекулалық биология және генетика» кафедрасының меңгерушісі, қауымдастырылған профессор, биология ғылымдарының кандидаты Жунусбаева Жазира Кабуловна мен М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті,«Биология» кафедрасының меңгерушісі,  қауымдастырылған профессор, биология ғылымдарының кандидаты Зияева Гулнар Керимбековнаға зерттеу жұмыстарына жаңа идеялар мен әдістер әкелетін жас маман даярлаудағы еңбектері үшін рақмет айтамыз.

      Диссертанттың отандық кеңесшілері: Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің қауымдастырылған профессордың міндетін атқарушы, «Биология» ғылымдарының кандидаты Сартаева Акмарал Алтынбековнаға, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің қауымдастырылған профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Жумагулова Калампыр Абжаппаровнаға, шетелдік кеңесшісі Н.И. Вавилов атындағы  «Жалпы генетика институты» РҒА профессоры,  биология ғылымдарының докторы Абилев Серикбай Каримовичке еліміздің ғылымының дамуына қосқан  үлесі үшін алғыс білдіреміз.

      Бөлісу: