QyzPU ғалымдары «500 ғалым» ғылыми тағылымдамасының стипендиаты атанды
-
31 желтоқсан, 2024
Шетелде кадр даярлау жөніндегі Республикалық комиссияның шешіміне сәйкес, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Жаратылыстану институты химия кафедрасының қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы, химия ғылымдарының кандидаты Сапарбекова Индира Сайлыбаевна және Физика, математика және цифрлық технологиялар институтының директор орынбасары, PhD Омарбаева Бибіғазиза Құрбанбекқызы «Болашақ» бағдарламасы аясында «500 ғалым» ғылыми тағылымдамасының стипендиаты атанды.
Алдағы уақытта ғалымдарымыз Омарбаева Бибіғазиза Құрбанбекқызы Уппсала университетінде (Швеция) және Сапарбекова Индира Сайлыбаевна Калифорния университетінде (АҚШ) кәсіби тағылымдамадан өтіп, өз біліктіліктерін арттырады.
Стипендиаттарымызды құттықтай отырып, ғылым жолында жаңа табыстар мен шығармашылық жетістіктер тілейміз!
Бөлісу: