Тәуелсіздік күніне орай мерекелік шара өтті



    • Тәуелсіздік күніне орай мерекелік шара өтті

      16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесіне орай Сералы Қаниев атындағы ғылыми кітапханада «Физика» білім беру бағдарламасының 1 курс студенттері және эдвайзер Әбділлә Мағжан Әкімжанұлының ұйымдастыруымен «Елдігімнің тірегі – Тәуелсіздік» тақырыбында мерекелік іс-шара өтті.

      Тәрбиелік іс-шараның мақсаты - ата-бабамыздың тәуелсіздік жолында ерлігін үлгі етіп, студенттерді өз Отанын сүюге, еліне, халқына, қызмет етуге тәрбиелеу.

      Мерекелік іс-шара барысында  Есенғали Мерей «Желтоқсан оқиғасына»  арналған баяндама оқыды. Сонымен қатар желтоқсан құрбандарын еске алу үшін видеоролик ұсынылды. Азаттық үшін өз өмірлерін қиып, ерлік көрсеткен батырлар бір минут үнсіздікпен еске алынды.

      Желтоқсан көтерілісі – батырлар рухының шынайы үлгісі. Олар бізге тәуелсіздік әкелсе, ендігі міндет – оны көздің қарашығындай сақтау.

      Бөлісу: