Көшбасшылық және гендерлік теңдік: жастардың ролі



    • Көшбасшылық және гендерлік теңдік: жастардың ролі

      12 желтоқсан күні Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағының 100 жылдығына орай «Көшбасшылық және гендерлік теңдік: жастардың ролі» атты республикалық семинар өтті.

                                                      

      Республикалық семинар Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Қанай Гүлмира Әмірханқызының университеттің жетістіктері мен болашағы туралы алғы сөзімен ашылды. Ректор кәсіподақтың еңбек құқығының бұзылмауын қадағалап, әлеуметтік-экономикалық қолдау көрсететін басты ұйым екенін атап өтті.

                                                                                 

      Іс-шара барысында университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы әртүрлі бағыттағы тақырыптар бойынша өз баяндамаларын жасады. Алғашқы баяндамашы, психология ғылымдарының кандидаты, профессор Бапаева Мариям Құрманғалиқызы «Қыздардың әлеуметтік рөлдерінің өзіндік ерекшеліктері мен эмоциялық жағдайларының өзара қатынасы» тақырыбында сөз сөйледі. Келесі баяндамашы, психология ғылымдарының кандидаты, доцент Касымова Гульнар Маруповна «Психологические аспекты гендера в профсоюзе» тақырыбында өз зерттеулерімен бөлісті.

                                                       

      Семинардың маңызды бөлімдерінің бірі — Digital Lady технопаркіндегі заманауи әзірлемелер мен ата-аналарға арналған PlayHub қызметі шеңберіндегі тиімді серіктестіктің заманауи тәсілдеріне қатысты баяндамалар болды. Физика-математика ғылымдарының кандидаты, профессор Салғараева Гүлназ Ибрагимовна мен педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Жұбандықова Ақгүл Мурзалиевна өз тәжірибелері мен ғылыми зерттеулерін ұсынды.

                                                                                 

      Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағының еңбекші әйелдер істері жөніндегі комиссия төрағасы Сакауова Индира Бердіғалиқызы университеттің 80 жылдығымен құттықтап, семинардың өтуіне сәттілік тіледі.

                                                       

      Семинар барысында университеттің профессор-оқытушылық құрамы мен қызметкерлері Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар Федерациясы, Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Төсбелгілері, Құрмет грамотасы, Алғыс хаттарымен марапатталды.

      Бөлісу: