Силлабустардағы бағалау рубрикалары: сапалы білімге жол
-
12 желтоқсан, 2024
Бүгін Академиялық бағдарламаларды әзірлеу бөлімі «Curriculum ExcellenceLab» жобасы аясында «Силлабустағы бағалау рубрикаларының мазмұны мен ресімделуіне әдістемелік талаптар» атты ағымдағы семестрдің жетінші воркшобын өткізді.
Бағалау — студентке бағдарланған оқыту тәсілінің негізгі элементі, мұнда силлабус студент пен оқытушы арасындағы өзара келісім ретінде қызмет атқарады. Онда күтілетін нәтижелер, бағалау критерийлері мен әдістері нақты көрсетілген. Бұл - алдын ала келіспеген талаптарды алға тартуды болдырмайды. Мұндай тәсіл сенім мен өзара түсіністік атмосферасын қалыптастырады, сонымен қатар студенттердің мотивациясына және олардың академиялық табыстарына тікелей әсер етеді.
Іс-шараның спикері, білім беру бағдарламаларын әзірлеу бөлімің аға менеджері Гульназ Сериковна Дербисалова профессорлық-оқытушылық құрамға бағалау рубрикаларын құрудың негізгі аспектілерін еске салды. Қатысушылар әдістемелік талаптар туралы білімдерін жаңартып қана қоймай, силлабустар құрылымын жетілдіруге бағытталған маңызды практикалық кеңестер алды.
Бұл воркшоп «Curriculum Excellence Lab» аясындағы бөлімнің жүйелі жұмысының бір бөлігі болып, оқытушыларға әдістемелік қолдау көрсетуге бағытталды. Мұндай іс-шаралар педагогтарға оқу материалдарын әзірлеу тәсілдерін жетілдіруге, білім беру үдерісін айқын және тиімді етуге көмектеседі.
Бағалау тақырыбына ағымдағы семестрде қайта оралу оның білім беру реформалары үшін маңыздылығын айқындайды. Әділ бағалау критерийлері – табысты оқытудың негізі, ал осы бағыттағы жүйелі жұмыс істеу студенттердің мүддесіне сай білім беру ортасын қалыптастыруға көмектеседі.
Семинарлар кестесін осы сілтемеден таба аласыз: https://sites.google.com/qyzpu.edu.kz/curriculumlab/%D0%B1%D0%B0%D1%81%D1%82%D1%8B-%D0%B1%D0%B5%D1%82
Бөлісу: