QyzPU-да «Қаржылық сауаттылық негіздері»тақырыбында кездесу өтті



    • QyzPU-да «Қаржылық сауаттылық негіздері»тақырыбында кездесу өтті

      5 желтоқсан күні Қазақ ұлттық қыздарпедагогикалық университетінде экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылғанпрофессор, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттықуниверситетінің «Қаржы және есеп» кафедрасыныңмеңгерушісі Керімбек Ғалымжан Есқараұлымен«Қаржылық сауаттылық негіздері» тақырыбындакездесу өтті.

      Қаржылық білімді арттыру және қаржысаласында маңызды дағдыларды меңгерумақсатында ұйымдастырылған іс-шарағауниверситеттің профессорлық-оқытушылыққұрамы мен 1 курс студенттері қатысты.

      Кездесуде өз-өзіңе есеп беріп, жоспар құру мен уақытты дұрыс пайдаланудың маңыздылығыайтылды. Керімбек Ғалымжан Есқараұлы«Қарызсыз қоғам» ұғымының негізі үнемдеуденбасталатынын ерекше атап өтті. Сондай-ақ құн мен баға ұғымдарының айырмашылығы, кіріс пен шығын, жинақтар туралы тереңірек түсіндірілді. Осының бәрі қарапайым өмірдегі жағдайлар мен танымал кинофильмдерден алынған мысалдарарқылы жеткізілді. Бұл қатысушылардың тақырыпты жақсырақ ұғынуына ықпал етті.

      «Мен үшін өте танымды кездесу болды. Өзіме қажет құнды ақпарат алдым. Өмірде пайдасы тиеріне сенімдімін»,-деді «Мәдени-тынығу жұмысы» білім беру бағдарламасының 1 курс студенті Аяжан Маратқызы.

      Жиын барысында қаржы саласындағыалаяқтық мәселелері де қозғалды. Сонымен қатарКерімбек Ғалымжан Есқараұлы шетелдікмемлекеттердегі қаржылық сауаттылық деңгейіменсалыстыру жүргізіп, тыңдаушыларға қызықтыақпарат ұсынды. Қаржылық сауаттылықтың негізіүнемдеуден басталатынын айта отырып, тақырыпты нақты мысалдармен байыта түсті.Қазақтың ұлы ойшылы Абайдың қара сөздерінқаржылық сауаттылық мәселесімен үйлестіреотырып, тереңірек түсінік берді. 

      Мазмұнды кездесу соңында қатысушылар Керімбек Ғалымжан Есқараұлына толғандырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.

      Бөлісу: