Бастауыш сыныптарда «Жаратылыстану оқыту әдістемесі» пәнін тәжірибеге бағыттап оқытудың қазіргі проблемалары
-
03 желтоқсан, 2024
3 желтоқсан күні Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде «Бастауыш сыныптарда «Жаратылыстану оқыту әдістемесі» пәнін тәжірибеге бағыттап оқытудың қазіргі проблемалары» атты Халықаралық ғылыми-әдістемелік семинар жоғары деңгейде өткізілді.
Іс-шараны Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі кафедрасының білім беру бағдарламасының көшбасшысы, PhD, Нұрбекова С.М. және кафедраның қауымдастырылған профессоры м.а., педагогика ғылымдарының кандидаты, Ш.Н. Альдибекова жоғары шығармашылық деңгейде ұйымдастырды.
Семинарға Қырғызстан, Өзбекстан және Түркия елдерінен келген ғалым-әдіскерлер қатысып, құнды пікірлерін ұсынды. Шара барысында бастауыш сыныптарда «Жаратылыстану» пәнін тәжірибеге бағыттап оқытудың әдістемелік жолдары мен қазіргі ахуалы кеңінен талқыланды.
Шара аясында Алматы қаласындағы үздік мектептердің заманауи жобалары таныстырылды: Ш. Уәлиханов атындағы мектептің жаратылыстану шеберханасының заманауи үлгісі; №148 мектеп-гимназиясының жас ғалымдарға арналған зертханасы; №138 мектеп-гимназиясының «Сингапурлық әдіс» жобасы.
Сонымен қатар 2 курс студенттерінің «Жаратылыстану» пәні бойынша үздік шеберлік сабақтары семинардың практикалық мазмұнын толықтырып, ерекше әсер қалдырды.
Қазіргі уақытта білім беру саласының өзекті мәселелерінің бірі – тәжірибеге бағытталған оқыту. Семинар аясында осы бағыттағы көптеген маңызды түйткілдердің шешімдері талқыланып, тиімді ұсыныстар айтылды. Бұл шара білім беру мен әдістемелік тәжірибені жетілдірудің тың мүмкіндіктерін көрсетті. Семинардың қорытындысы ретінде жинақ шығарылды.
Бөлісу: