Түркі халықтарына ортақ әдеби мұраларды оқыту мәселелері



    • Түркі халықтарына ортақ әдеби мұраларды оқыту мәселелері

      29 қараша күні  Қазақ тіл білімінің теориясы мен әдістемесі кафедрасы мен Алматы қаласының 188 мектеп-гимназиясы «Түркі халықтарына ортақ әдеби мұраларды оқыту мәселелері» тақырыбындағы халықаралық конференция өткізді.

      Конференцияның басты мақсаты – түркі халықтарының әдеби мұраларын сақтап, зерттеу жұмыстарын жүйелі түрде дамыту.

      Іс-шара аясында  ортақ жазба ескерткіштер, ауыз әдебиеті, жыраулар мен ақындардың шығармашылығы, фольклор және ұлттық әдебиет тарихы сияқты мәселелер талқыланды.

      Түркі халықтарының тарихы мен мәдени бай мұраларын тереңірек танып-білуге бағытталған маңызды шарада И.Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университеті, Мемлекеттік тіл және мәдениет институтының директоры, ф.ғ.д., профессор С.С.Жумалиев, Қырғыз тілі және оны оқытудың технологиялары кафедрасының басшысы, п.ғ.к., доцент Р.А.Абдуллаева, Қырғыз әдебиеті және оны оқытудың технологиялары кафедрасының басшысы, ф.ғ.к., доцент А.К.Каныбекова, Ел аралық журналистика және медиакоммуникация бөлімінің басшысы, аға оқытушы Э.Ж.Сатыбекова, Қырғыз тілі және оны оқытудың технологиялары кафедрасының аға оқытушысы Н.М.Масалиева, Түркия республикасы Гази университетінің профессор Н.Демир, Өзбекстан Республикасы Мектепке дейінгі және орта білім министрлігіне қарасты  Республика білім орталығы Филология бөлімінің басшысы Н.М.Расулов, Жүсіп Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университеті оқытушысы И.Токтомамат кызы, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің БББ көшбасшысы С.А.Асанбаева, PhD Д.Ж.Рысқұлбек, Канзас университетінің ізденушісі С.Б.Бектемирова баяндама жасады. Мектеп оқушылары түркі халықтарына ортақ мұралардан үзінді оқып, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері шеберлік сабағын өткізді.

      Бұл шара түркі әлемінің ортақ мәдениетін танып, әдебиеттің ұлттарды біріктіретін маңызды күш екенін көрсетті. Мұндай конференциялар әдебиет пен мәдениеттің шекарадан тыс кеңейіп, түркі халықтарының ынтымақтастығын нығайтуға ықпал етеді. Жоғары оқу орны мен мектеп арасындағы сабақтастықтың нәтижесі халықаралық конференция жұмысында айқын көрініс тапты. Мұндай бірлескен шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ.

       

       

      Бөлісу: