«Almaty Leaders» фестивалінде QyzPU-студенттері жеңіске жетті
-
28 қараша, 2024
27 қараша күні Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен, «Жастар Рухы» Жастар қанатының ұйымдастыруымен «Almaty Leaders» фестивалі өтті. Онда ең мықты деген университеттер арасынан «Үздік КДМ» және «Үздік Студент» анықталды.
«Almaty Leaders» жобасы – Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуында, білім беру, мәдениет және жастарды қолдау салаларында маңызды рөл атқаратын, жергілікті тұрғындардың, білім алушылардың және жастардың көшбасшылық қабілеттерін дамыту мақсатында ұйымдастырылған бастама. Жоба жастар мен жастар ұйымдарына көшбасшылық дағдыларын дамытуға бағытталған.
Іс-шарада жыл бойына атқарылған қызметтер мен жасалған жұмыстар нәтижесі басты назарға алынды.Сонымен қатар студенттер білім, өнер және спорт салаларынан өз бақтарын сынап, шыңдалды.
Қыздардың қара шаңырағына айналған Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінен «Үздік КДМ» номиницасиясын Студенттік Ректор, физика-математика және цифрлық технологиялар факультетінің 3 курс студенті Оңласын Нұрайлым Рахатқызы алса, «Үздік Студент» номинациясын филология факультетінің 2 курс студенті Жібек Қазынабекқызы иеленді.
Қазақ Ұлттық Қыздар педагогикалық университетінен 100-ден астам студенттер келіп, қатысушыларымызға өз қолдауларын білдірді. Арнайы плакаттар мен барабандар, Университетіміздің ұраны қатысушыларымызға рух пен жігер берді.
Осындай мүмкіндіктер сыйлаған Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетіне алғыс білдіреміз!
Бөлісу: