QyzPU қызметкерлері Әлемдік білім апталығының үш күндігіне қатысты
-
27 қараша, 2024
Қараша айының 21-23 аралығында Астана қаласында «NOBEL FEST X TEACHERS’ SUMMIT» Әлемдік білім апталығының 3 күндігі өтті.
Аталған шараға Стратегиялық даму және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректор - Ж.К.Рысбекова, Тұлға қалыптастыру департаменті директоры - С.А. Бегасильева және Менталды денсаулықты дамыту орталығының коуч-психологы- К.Қ. Әмірова қатысып, Нобель сыйлығының лауреаты атанған 30-дан аса әлемдік ғалымдармен тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды.
Кездесуде «AI дәуіріндегі нейроғылым құпиялары және адамзаттың болашағы» бағдарламасы аясында «Альфа» бірінші цифрлық ұрпақ: болашақтың білімі қандай болады?» деген сұрақты Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, «Болашақтағы жұмыс: жасанды интеллект біздің мамандықтарымызды қалай өзгертеді және жаңаларын жасайды?» тақырыбында Еңбек және мансап болашағы бойынша әлемдік сарапшы Гарри Боллс, «Қазіргі әлемдегі қарым-қатынас психологиясы: үйлесімді байланыстарды қалай құруға және тепе-теңдікті табуға болады?» тақырыбында атақты психолог, отбасы және балалар-ата-аналар қатынастары бойынша сарапшы Александр Колмановский және «Адаптивті интеллект: өзгерістермен қалай күресуге және жаңа әлемде көшбасшы болуға болады?» тақырыбында Психология ғылымдарының кандидаты, адаптивті интеллект тұжырымдамасын жасаушы Валерий Гут шеберлік-сағаттарын өткізді.
Бағдарлама аясында қызметкерлеріміз «Балалармен қарым-қатынасты оңтайландыру: жанжалдан бастап, отбасында және білім беру ортасында үйлесімді қарым-қатынас орнату үшін ынтымақтастыққа дейін» тақырыбында Анатолий Некрасов, «Менталды денсаулығы сау баланы қалай өсіру керек?» тақырыбында Михаил Лобковский, «Отбасының өміршеңдігін қалай арттыруға болады?» тақырыбында Валерий Гуттың қатысуымен өткен жабық воркшоптарға қатысты.
Іс-шара соңында қызметкерлерге сертификаттар табысталды.
Бөлісу: