QyzPU-да профессор Әбжаппар Аблақовтың құрметіне «Педагогикалық идеяларжәрмеңкесі» өтті



    • QyzPU-да профессор Әбжаппар Аблақовтың құрметіне «Педагогикалық идеяларжәрмеңкесі» өтті

      27 қараша күні «Қазақ КСР халық ағарту ісініңозық қызметкері», «КСРО халық ағарту ісінің озыққызметкері» атақтарының иегері, 150-ге тартағылыми-әдістемелік еңбектердің авторы, филология ғылымдарының докторы, профессор Аблақов Әбжаппар Аблақұлының құрметіне«Педагогикалық идеялар жәрмеңкесі» өтті. 

      «Педагогикалық идеялар жәрмеңкесі» Қазақ тілбілімінің теориясы мен әдістемесі кафедрасыжанындағы «Ғылымға қадам» (жетекшісі – ф.ғ.д., профессор Т.Н. Ермекова), «45 минут» (жетекшісі – профессор А.А. Сатбекова) ғылыми мектептерініңбастамасымен ұйымдастырылды.

      Іс-шара институт директоры, профессор Ашинова Күнипа Ахатқызы мен И.Арабаеваатындағы Қырғыз мемлекеттік университеті, Мемлекеттік тіл және мәдениет институтыныңдиректоры, ф.ғ.д., профессор Жумалиев СаматСубанкулович, бағдарлама көшбасшысы АсанбаеваСәуле Асанбайқызының құттықтау сөзіменашылды. 

      Аталған шараға кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы, мектеп мұғалімдері, магистранттар мен студенттер, сонымен қатарҚырғызстаннан келген Қырғыз тілі және оны оқытудың технологиялары кафедрасыныңбасшысы, п.ғ.к., доцент Абдуллаева РайканАбдуллаевна, Қырғыз әдебиеті және оны оқытудыңтехнологиялары кафедрасының басшысы, ф.ғ.к., доцент Каныбекова Айнур Каныбековна, Ел аралықжурналистика және медиакоммуникация бөлімініңбасшысы, аға оқытушы Сатыбекова Эльвира Жаркынбаевна, Қырғыз тілі және оны оқытудыңтехнологиялары кафедрасының аға оқытушысыМасалиева Назгүл Уразалиевна  қатысты. 

      «Педагогикалық идеялар жәрмеңкесі» үшнегізгі бағытта өткізілді: 1)Үздік баяндамаларконкурсы. Бұл бағытта профессор Ә. Аблақұлыныңғылыми-әдістемелік еңбектерінің маңызы туралыбаяндама жасалды; 2)Үздік педагогикалық идеяларконкурсы. Бұл бағытта инновациялық «LessonStudy» әдістемесі таныстырылып, педагогикалықидеялардың жаңашылдығы мен тиімділігібағаланды; 3) Қазақ тілін цифрлықтехнологияларды қолдана оқыту. Бұл бөлімдебейнесабақтар көрсетіліп, заманауи технологияларарқылы қазақ тілін оқытудың жаңа тәсілдеріұсынылды.

      Жәрмеңке қорытындысы бойынша үздікбаяндамалар, презентациялар мен бейнесабақтарарнайы дипломдармен марапатталып, барлыққатысушыларға сертификаттар табысталды.

      Бөлісу: