Қазіргі қазақ филологиясының өзекті мәселелері
-
27 қараша, 2024
27 қараша күні Филология институтында Қазақ тілі білімінің теорисы мен әдістемесі кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазіргі қазақ филологиясының өзекті мәселелері» атты І Филологиялық форум өтті.
Бұл маңызды шара кафедра профессоры м.а., филология ғылымдарының кандидаты Ғазиза Бейсенбекқызы Шойбекованың идеясы бойынша жүзеге асты.
Форумның басты мақсаты қазіргі қазақ тілінің өміршеңдігі мәселелерін студенттер көзқарасымен талқылап, өзекті стратегиялық мәселелерді шешужолдарын қарастыру болды.
Форумға И.Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университетінің профессорлары арнайы қатысты. Атап айтсақ, И.Арабаева атындағы Қырғыз мемлекеттік университеті, Мемлекеттік тіл және мәдениет институтыныңдиректоры, ф.ғ.д., профессор Жумалиев Самат Субанкулович, Қырғыз тілі және оны оқытудың технологиялары кафедрасының басшысы, п.ғ.к., доцент Абдуллаева Райкан Абдуллаевна, Қырғыз әдебиеті және оны оқытудың технологиялары кафедрасының басшысы, ф.ғ.к., доцент Каныбекова Айнур Каныбековна, Ел аралық журналистика және медиакоммуникация бөлімінің басшысы, аға оқытушы Сатыбекова Эльвира Жаркынбаевна, Қырғыз тілі және оны оқытудың технологиялары кафедрасының аға оқытушысы Масалиева Назгүл Уразалиевна келді.
Форум аясында 4 курс студенттері өз зерттеулерін ортаға салды. Тоқтамұрат Аяжан «Қазақ тілінің өміршеңдігі: жаңа зерттеу парадигмаларының бастаулары» тақырыбында зерттеу жасап, өз ұсыныстарын берді. Болатова Аяжан балалар көретін қазақша контент жасаудың өзектілігін атап өтті. Каирбекова Диана ақпарат кеңістігіндегі тілдің экологиялық табиғатына мән берді. Ал Айдарова Айзана әдебиеттің қысқа жанрларын пайдалану арқылы контент жасауды қолға алу қажеттігі туралы сөз қозғады.
Айта кетейік, студенттердің бұл ізденісіне филология ғылымдарының кандидаты, профессор м.а. Шойбекова Ғазиза Бейсенбекқызы жетекшілік етті. Келген қонақтар Филология институты студенттерінің ғылыми ізденушіліктері жоғары екендігін айтты.
Жиын соңында Филология институтының директоры Ашинова Кунипа Ахатовна мен Қазақ тіл білімінің теориясы мен әдістемесі кафедрасының Бағдарлама көшбасшысы Асанбаева Сәуле Асанбайқызы студенттерді Алғыс хатпен марапаттап, қырғыз профессорларына сертификаттар табыстады.
Бөлісу: