Білім беру мазмұнын әзірлеудегі инклюзивті тәсілдер: қолжетімді білім беру үшін жағдай жасау



    • Білім беру мазмұнын әзірлеудегі инклюзивті тәсілдер: қолжетімді білім беру үшін жағдай жасау

      27 қараша күні университетіміздің Академиялық бағдарламаларды әзірлеу бөлімі "Curriculum excellence lab" жобасы аясында кезекті маңызды семинар өткізді. Бұл шара биылғы жылдың алтыншы семинары болып отыр.

      Семинар барысында пән бағдарламаларын әзірлеудегі инклюзивті тәсілдердің маңызы мен баршаға бірдей қолжетімді білім беруді қамтамасыз ету жолдары талқыланды. Бүгінгі күні инклюзивті білім беру – заманауи білім жүйесінің басты қағидаларының бірі. Осыған орай, аталған тақырып біздің университет үшін ерекше өзектілікке ие.

      Семинарды Әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі педагогика және психология институты директорының орынбасары, қосымша Арнайы педагогика кафедрасының аға оқытушысы Исаева Лаура Тлеужановна жүргізді. Оның терең білімі мен тәжірибесі қатысушыларға инклюзивті білім беру саласындағы жаңа қырларды тануға мүмкіндік берді.

      Инклюзивті білім беру – бұл тек формальдылық емес, бұл барлық студенттердің өзін жайлы әрі сенімді сезінуіне мүмкіндік беретін білім беру философиясы. Біздің университет осы бағытта үздіксіз жұмыс істеуде.

      Бұл семинар инклюзивті тәсілдерді нығайтып, білім беру сапасын жаңа деңгейге көтеру жолындағы маңызды қадамдардың бірі болды.

       

       

       

      Бөлісу: