QyzPU «Үздік студенттік жастар ұйымы» байқауының жеңімпазы атанды
-
26 қараша, 2024
Жастар ұйымдарының белсенділігін бағамдау мақсатында университеттер арасында өткен «Үздік студенттік жастар ұйымы» байқауы өз мәресіне жетті.
Бұл байқауға Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті және Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті қатысты.
Сайыс «Qalaisyn student» телеграм арнасында дауыс беру арқылы өтті. Белсенді студенттердің қолдауымен жалпы саны 20 853 дауыс жиналды.
Сайыс қорытындысы бойынша: QyzPU – 7 924 дауыс, Abai University – 7 507 дауыс, Auezov University – 3 545 дауыс, Zhubanov University – 1 876 дауыс жинады.
Ашық және әділ дауыс беру нәтижесінде Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті «Үздік студенттік жастар ұйымы» атағына ие болды.
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің белсенді жастарын осы жарқын жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бөлісу: