QyzPU студенттері арыз-шағым, ұсыныстарын «Сенім жәшігіне» қалдыра алады
-
25 қараша, 2024
Жастар саясаты орталығына қарасты Студенттік өзін-өзі басқару ұйымдары «Саналы ұрпақ» және «Жастар Рухы» жастар қанатының қатысуымен «Сенім жәшігі» жобасын ұйымдастырды.
Басты мақсат — буллинг алдын алу, жастар арасында сыбайлас жемқорлықты жою және қолайлы жағдай жасау, қоғамдық бақылауды жүзеге асыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, студенттер мен оқытушы құрам арасындағы орын алатын заң бұзушылықтарды құзыретті органдарға жеткізу және рухани құндылықтарды арттыру. «Сенім жәшігі» университеттің барлық оқу корпустары мен жатақханаларына қойылып, студенттерге түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
Ол әр ай сайын ашылып, түскен хаттар бойынша университеттегі комплеанс офицері жұмыс жүргізеді. Ал жыл соңында «сенім жәшігіне» түскен жалпы ақпарат бойынша мониторинг жасалады.
Бөлісу: