Жастардың денсаулығы: ерте жүктіліктің алдын алу
-
22 қараша, 2024
2024 жылдың 21 қарашасында Менталды денсаулық орталығы «Жастар арасында ерте жүктіліктің алдын алу және ерте жыныстық қатынастың профилактикасы» тақырыбында семинар-тренинг өткізді.
Іс-шара «Aq Jol» жастар денсаулық орталығының медициналық мамандарымен бірлесе ұйымдастырылды. Семинардың басты мақсаты – студенттердің ерте жүктіліктің қауіптілігі, денсаулыққа жауапты көзқарас және дұрыс қарым-қатынас құрудың маңыздылығы туралы хабардарлығын арттыру.
Кездесу барысында қатысушылар ерте жыныстық қатынастың физиологиялық және психологиялық салдары, жоспарланбаған жүктіліктің алдын алу тәсілдері және репродуктивті денсаулықты сақтау бойынша тәжірибелік ұсыныстармен танысты.
Семинар қатысушылар арасында жоғары бағаланып, оның өзектілігі мен пайдалылығы атап өтілді. Менталды денсаулық орталығы алдағы уақытта да медициналық ұйымдармен бірлесіп, осындай ағартушылық іс-шараларды жалғастыруды жоспарлап отыр.
Бөлісу: