Доктор Клэр Вудстың практикалық семинары өтті
-
21 қараша, 2024
21 қараша күні Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде «Visiting Scholar» бағдарламасы аясында «Drama in the English Language Class» атты практикалық семинар өтті.
Филология институты «Шетел тілдерін кәсіби даярлау» кафедрасының оқытушылары мен «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының студенттері, магистранттары және докторанттарына арналған семинарды Ольстер университетінің докторы Клэр Вудс жүргізді.
Әдістемелік семинардың мақсаты – оқытушылардың пәндік-әдістемелік құзыреттілігін дамыту, студенттердің сенімділігін арттыру, лексиканы бекіту және шығармашылықты дамыту стратегияларын ұсыну болды.
Бөлісу: