«Қаржы орталығы» акционерлік қоғамы өкілдерімен кездесу өтті



    • «Қаржы орталығы» акционерлік қоғамы өкілдерімен кездесу өтті

      20  қараша күні Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде «Қаржы орталығы» акционерлік қоғамы өкілдері Серікқали Ақзира Серікқалиқызы және  Тыныбеков Абылай Амангелдіұлымен кездесу өтті.

      «Кәсіби тәжірибе және мансап» бөлімінің ұйымдастыруымен өткен шараға 600-ден астам бітіруші курс білім алушылары қатысты.

      Кездесу барысында студенттерге Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Маманды жұмысқа жіберу, бюджет қаражаты есебінен шеккен шығыстарды өтеу, өз бетімен жұмысқа орналасу құқығын беру, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған Қазақстан Республикасының азаматтарын жұмыспен өтеу жөніндегі міндетін тоқтату қағидаларын бекіту туралы» №403 бұйрығын түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

      Білім алушылар мемлекеттік грант талаптарымен танысып, өздерін қызықтыратын сұрақтарға жауап алды.

      Бөлісу: