Ғылыми-әдістемелік семинар өткізілді



    • Ғылыми-әдістемелік семинар өткізілді

      15 қараша  күні Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 80 жылдық мерейтойына орай «Мектепке дейінгі ұйымдардағы инновация, тәжірибе, зерттеу және интеграция» атты ғылыми-әдістемелік семинар өтті.

      Педагогика және психология институты Мектепке дейінгі білім беру кафедрасының ұйымдастыруымен өткен іс-шараның басты мақсаты - баланың дамуының барлық дағдыларына әсер ететін жүйелі әдіснамалық тәсілді  насихаттау.

      Семинар спикерлері   мектепке дейінгі тәрбиенің дамуына үлес қосқан  Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің түлектері, ғалым-педагогтарымыз:  Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры,  п.ғ.д. Сайра  Нагашибаевна Жиенбаева, Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, п.ғ.к.  Фатима Ниязбековна  Жұмабекова.

      Іс-шара  барысында профессор С.Н. Жиенбаева балалардың еркіндігін дамытуға бағытталған жаңа оқу форматы ретінде Реджио-педагогикасының инновациялық тәсілдерін қолдану мүмкіндіктері туралы мастер-класс өткізді.

      Семинар соңында жас ғалымдар, магистранттар және «Мектепке дейінгі білім беру және тәрбие», «Дәрігер мен логопед» білім беру бағдарламаларының студенттері өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, әрі қарайғы кәсіби қызметтері үшін қажетті құнды білімдер алды.

       

       

      Бөлісу: