Оқытушылардың кәсіби және ғылыми қызметінде деректерді өңдеудің сандық әдістерін қолдану



    • Оқытушылардың кәсіби және ғылыми қызметінде деректерді өңдеудің сандық әдістерін қолдану

      QyzPU-ға Латвияның Даугавпилс университетінен физика-математика ғылымдарының кандидаты, физика ғылымдарының докторы Светлана Игнатьева магистранттар, докторанттар және профессорлық-оқытушылық құрамына арналған түрлі воркшоптар ұйымдастыру мақсатында арнайы келді.

      Профессор бірінші күннен бастап оқытушылармен кездесулер өткізіп, 2024 жылдың 4 қарашасында информатика кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамына арналған «Жоғары оқу орындарындағы универсалды дизайн» тақырыбында семинар өткізді.

      Сонымен қатар кафедраның профессорл-оқытушылар құрамымен біріге отырып, жоспарланған  тақырып бойынша ғылыми зерттеу жұмысына арналған қаржыландыру жобасына өтінім дайындау жұмыстарын бастады.

      Ал 11 қарашадан бастап профессордың ұйымдастыруымен, QyzPU мен Даугавпилс университеті қолдауымен физика, математика және цифрлық технологиялар институтының профессор-оқытушылық құрамы, докторанттары мен магистранттары үшін "Оқытушылардың кәсіби және ғылыми қызметінде деректерді өңдеудің сандық әдістерін қолдану" тақырыбында біліктілікті арттыру курсы басталды. Бұл курс 26 қарашаға дейін жалғасады.

      Аталмыш дәріс ғылыми зерттеулерді басқару, ғылыми зерттеулердің сапалық және сандық әдістері және SPSS бағдарламасы эмпирикалық ғылыми зерттеулерде қолданылатын құрал ретінде қарастырылып жатыр.

       

      Бөлісу: