QyzPU студенті Нұрсұлтан Назарбаев қорының стипендия иегері атанды
-
19 қараша, 2024
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Физика, математика және цифрлық технологиялар институты, «Физика мұғалімдерін даярлау» мамандығының 4 курс студенті Орынбаева Қарақат Сералықызы Нұрсұлтан Назарбаев қорының стипендия иегері атанып, куәлікпен марапатталды.
«Нұрсұлтан Назарбаев қорының стипендия иегері болу мен үшін үлкен мақтаныш. Осындай жоғары деңгейдегі марапат маған өзімнің еңбегімнің бағаланғанын сезіндіріп, әрі қарайғы жолымда шабыт берді»,-деді Қарақат Орынбаева.
Биыл стипендиялық бағдарламаға Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Ақтау, Атырау, Қарағанды, Қаскелең, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Семей, Тараз, Түркістан, Өскемен қалаларынан 224 адам қатысты.
Стипендиаттарды іріктеудегі негізгі критерийлер: жоғары академиялық үлгерім, қоғамдық пайдалы істерге атсалысу, ғылыми-зерттеу қызметіне белсенді қатысу, шығармашылық даму, сондай-ақ республикалық және халықаралық байқаулар мен жобалардағы жетістіктер.
Байқау шартына сәйкес, 40 студент жеңімпаз деп танылды. Жаңа оқу маусымы барысында олар ай сайын Нұрсұлтан Назарбаев қорының 40 000 теңге көлеміндегі шәкіртақысын алады.
Айта кетейік, Қарақат Орынбаева осыған дейін Mississippi Valley State University мен Niğde Ömer Halisdemir университетінде «Erasmus +» бағдарламасы аясында білім алып келді.
Бөлісу: