МИНИСТР САЯСАТ НҰРБЕК QYZPU ПРОФЕССОРЛАРЫН МАРАПАТТАДЫ
-
18 қараша, 2024
16 қараша күні Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 80 жылдық мерейтойының қорытынды іс-шарасы Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайында өтті.
Салтанатты жиында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек құттықтау сөз сөйлеп, университеттің профессорлық-оқытушылық құрамын Ғылымға қосқан үлесі үшін марапаттады.
«80 жыл бұрын сол кездегі басшылар ең қиын кезеңде, әлемдік соғыстың төртінші жылында университет ашу туралы үлкен шешім қабылдады. Ежелгі Грекияда бір жақсы нақыл сөз бар. «Қоғам қашан үлкен болады? Сол қоғамдағы адамдардың үлкендері көлеңкесіне отыра алмайтынын біле тұра ағаш еккен». 1944 жылы үлкен ағаш егілді, сол ағаштың көлеңкесінде қазір біз отырмыз. Сол ағаштың жемісін – 12 мыңнан аса студентті қазір біз көріп отырмыз. Біріншіден, ұстаздарға, профессорлық-оқытушылық құрамға, университет басшылығына айтарым, ағаштарды еге беріңіздер, шамшығарымыз сөнбесін. Қыздар университеті – тек білім беру ордасы емес, ұлттық құнылықтарды дәріптеуші және тікелей қоғамға жеткізуші білім ордасы», – деді министр.
Кеш соңында қонақтар концерттік бағдарлама тамашалап, Университет түлегі, Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы Орынша Қарабалина 1 курс білім алушысына Студенттік билет табыстады.
Бөлісу: